• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Балабақшадағы онкүндік

429 рет
көрсетілді

Ерке Ертістің оң жағалауында орналасқан «Арман» балабақша-бөбекжайы – 400-ге жуық тәрбиеленушісі бар аралас тілді мектепке дейінгі мекеме. Мұнда бүлдіршіндердің креативті жеке тұлғасын қалыптастыру мақсатындағы педагогикалық үрдісті жүзеге асыруға бар мүмкіндік жасалған. Оқу жылы көлемінде түрлі мақсатқа бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған онкүндік. Онкүндіктің негізгі мақсаты – жас бүлдіршіндерді туған елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу, елжандылыққа тәрбиелеу. Бұл шара «Біз – Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты салтанатты ертеңгілікпен басталды. Аталған онкүндіктен ата-аналар да шет қалмай, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 жәдігер» атты қолөнер көрмесінде түрлі бұйымдар жасап, көпшілік назарына ұсынды. «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» сурет көрмесі де ерекшелігімен көз тарта білді. Ал «Тәуелсіздік – тұ­ғырым» тақырыбында өткен ертеңгілікте өзге ұлт өкілде­рінің балалары Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай сынды қазақ батырларының бейнесінде өлең оқып, би билеп, бабалар рухын, батырлар рухын дәріптеді. Көненің көзі – бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа жеткен асыл сөздерін мәнерлеп айту мақса­тында ұйымдастырылған «Ата­дан қалған асыл сөз» сайысында әйгілі билердің ұрпақтары өзара мақал-мәтел, нақыл сөздер айтып жарысты. «Шыныққан шымыр баламыз, елге қорған боламыз!» спорттық сайысы да тартысты өтіп, онкүндіктің мәнін аша білді. Ал «Ұлттық нақыш бұрышы» көрмесі ата-аналардың көмегімен жасалған қолөнер бұйымдарымен тамсандырды. Әртүрлі жастағы топ тәр­бие­­­ленушілерімен «Әлем­ге та­­нылған Қазақстан» тақырыбында дәсүрден тыс оқу қызметтері өткізіліп, педагогтар балалардың танымдық, қызығушылық, шығармашылық белсенділіктерін арттыруға, сөйлеу қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлді. Ересек топ балаларымен ұйымдастырылған «Қаһарман Қайрат» сахналық қойылымы жақсы әсер қал­дырды. Бала Қайраттың бейнесін көрсетуден басталған қойылымда бүлдіршіндер 1986 жылғы Жел­тоқсан оқиғасы туралы өзде­рінің жас ерекшеліктеріне сай ­мағлұмат алды. Балабақша аясында өткізілген осындай игі, ша­ралардың болашақ жеке тұл­ғаларды тәрбиелеудегі ма­ңызы өте зор. Себебі, білім­нің де, тәрбиенің де қайнар кө­зі – балабақшада. Осы орайда аталмыш ауқымды шара­лар­дың ұйытқысы болып, ұс­таз­дар ұжымын іскерлікпен бас­қ­арып отырған балабақша-бөбекжайы­ның директоры Айгүл Қы­рық­баева, әдіскерлер Зүлфия Хами­дуллина, Аида Ерғалиева сияқ­ты педагогтар қауымының қа­жыр­лы еңбегін атап өткен ләзім. Гүлбану Төленова Өскемен қаласындағы №9 «Арман» балабақша-бөбекжайының қазақ тілі пәнінің мұғалімі