• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Желаяқ журналистер жарысты

240 рет
көрсетілді

Қыстың соңғы күнін ала елор­дадағы «Алау» мұз айдыны са­райында бұ­қаралық ақ­па­рат өкілдері арасында коньки тебуден жарыс ұйымдасты-рылды. Жарыс Олимпиада ере­жесі бойынша ерлер мен әйел­дер арасында 100 метр қа­шықтықта өтті. Алғаш болып мұз айдынына нәзік жандылар шықты. Сегіз жұп өзара бақ сынағанмен, уақыт бойынша бұрын келген алтауы екінші кезеңге жолдама алды. Шешуші кезеңде мәре сызығын 20.63 секунд көрсеткішпен қиған «Той Думан» телеарнасының тілшісі Арайлым Құлмағанбетова бірінші орынға ие болса, «Қазақстан» ұлттық арнасының қызметкері Мөлдір Асылбекова 22.54 секунд көрсеткішпен екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті ұлттық арнаның тағы бір журналисі Әсем Серікбай 23.00 секундпен түйіндеді. Тартысты бәсеке ерлер арасында өтті. Тоғыз жұп өзара мықтыларды анықтағаннан кейін ақтық сынға алты адам шықты. Мұнда 14.95 секунд көрсеткішпен «Қазақ ТВ» арнасының тілшісі Ардақ Сәтпаев жарысты бірінші орынмен аяқтады. Ал жүз метрлік қашықтықты 15.26 секундта бағындырған «Ұлттық музей» қызметкері Досжан Ысқақов екінші жүлдеге ие болды. Ал үздік үштікті «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Аян Әбдуәли 16.57 секунд көрсеткішпен қорытындылады. Тілшілер арасындағы жарыс­ты «Алау» мұз айдыны сарайы мен «Республикалық радио» ЖШС бірлесіп ұйымдастырды. Дәстүрлі турнир осымен екінші жыл өткізіліп отыр. Шара былтыр «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына орай алғаш рет ұйымдастырылған болатын. Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»