Қазақстан мен ТМД елдерінде Qoovee.com атты біріңғай онлайн сауда алаңы ашылды. Алаң 14 мыңнан астам өндіруші мен тасымалдаушының басын қосып отыр.
Qoovee өндірушілері мен тасымалдаушылары үшін бұл сату арнасы және дилерлер мен дистрьюбитерлер желісін кеңейту орны. Мұнда кәсіпкерлерге интернет дүкен ұсынылып, ТМД елдері үшін тасымалдаушылар каталогы ұсынылады. Көтерме тапсырыс берушілері үшін бұл алыпсатарсыз тікелей сауда алаңы.
Таяуда Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерінің үкіметіне "сандық фабрика" тұжырымдамасын ұсынды. Ол ЕАЭО елдерінің өнеркәсібін сандық жүйеге өткізу бойынша ұсыныс.
Айта кетейік, ЕАЭО елдерінің ішкі жалпы өнімінің ішінде сандық экономиканың үлесі 2,8 пайыз (85 млрд доллар). Алдын ала болжам бойынша, 2025 жылға қарай ЕАЭО елдеріне сандық экономиканың үлесі 20 пайызға жетпек. Ал сандық экономиканың дамуында электронды сауда алаңының маңызы жоғары.