• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

"Қазақконцерт" Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды

232 рет
көрсетілді

««Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» басшылығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ағымдағы жылға арналған Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел болып өтті. Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы армандап өткен асыл арманы. Еліміздің осындай биік белеске жетуі, әлем мойындаған Қазақстан Республикасы атануы - бабаларымыздың жау желкеден алғанда, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен сан ғасырлар бойы күресуінің жемісі.  Елбасымыз 30 қаңтар күні Ақордадан дәстүрлі жолдауын Қазақстан халқына жариялады. Мемлекетіміздің үшінші мүшелге аяқ басқан шағында жарияланған жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталады. Елбасымыздың әрбір жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Мәңгілік ел болу жолында көшбасшымыздың жасаған әрбір қадамы қанатымен су тасыған қарлығаштың тіршілігіндей екені даусыз. Осындай еңбектің өлшеусіз екенін ұғындырып, жан-жақты түсіндіру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директорының міндетін атқарушы Салтанат Сейдімбек, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали қатысты. Іс-шара аясында 130-ға тарта ұжым қызметкерлері мен әртістері болды. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы алғаш сөз алып жастарға жолдаудың жарқын болашағын бірлесіп жүзеге асыратынымызды жеткізді. Сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбаев Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауынан дамудың жарқын белестерін айқындайтынымыз хақ. Бұл бас құжаттың бұрынғы Жолдаулардан маңызы айрықша. Оның орындалуы барысында нақтылап берген жоспарды бірлік пен берекеміз жарастырып, жүзеге асыруымыз шарт екенін айтып өтті. Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ХХІ ғасыр қазақ елінің тарихында ойып тұрып орын алар «Алтын ғасыр» деген атпен мәңгілік қалуы керек. Мәңгілік ел болу жолында бізге ештеңе де кедергі емес. Себебі біздің мемлекеттік тіліміз, салт-дәстүріміз, ұлан-байтақ жеріміз, бірлігі жарасқан халқымыз да бар. Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, қазақ елі қарқынды дамып, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті озық елдердің қатарына енді.