• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Энвер Түркелери қызметінен кетті

182 рет
көрсетілді

Ауыр атлетикадан Қазақстан  ұлттық құрамасында бас маман болған түркиялық Энвер Түркелери қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл хабарды Қазақстан ауыр атлетика федерациясы да растады. Түркиялық маманның орнын босатқанына бірнеше ай болыпты. Айта кетейік, Түркелери Қазақстан ұлттық құрамасында он шақты жыл бас кеңесші қызметін атқарған болатын. Естеріңізге салсақ, ол осыдан бірер жыл бұрын «Қазақтан Олимпиада чемпионын шығарам» деп серт берген болатын. Алайда, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында қазақ қызы Жазира Жаппарқұл ойындардың күміс жүлдегері атанды.