• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Кофеин әзірге допинг дәрілердің қатарына енгізілмейді

480 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік антидопинг агенттігі (WADA) жақын уақытта тыйым салынған дәрі-дәрмектердің қатарына кофеинді қосуға ниетті емес. Әлемдік БАҚ беттерінде жарияланғандай, кофеин қазіргі уақытта WADA-ның бақылауында тұр. Алайда, ол тыйым салынғандардың қатарына ену үшін үш талаптың екеуіне сәйкес келуі қажет: егер ол спортшының оң нәтижелеріне септігін тигізсе, дәрінің зияны болса және спортқа деген құлшынысы төмендесе. Қазіргу уақытта кофеинді зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Федералдық медициналық-биологиялық агенттігінің басшысы Владимир Уйбаның айтуынша, WADA 2018 жылы кофеинді тыйым салынған препараттардың қатарына қосуы мүмкін. «Егер бұл іс жүзеге асып жатса, спортшыларымызға кофе, сондай-ақ құрамында кофеині бар тағамдарды, препараттарды қолданбауға кеңес береміз», – деді ол. Дүниежүзілік антидопинг агенттігі жыл сайын допинг дәрілерінің тізімін жаңартып отырады. Мәселен, 2015 жылы мельдоний дәрісі енген. Ал кофеин мен никотин 2011 жылдан бері WADA-ның «ынталандырушы» дәрілер ретінде бақылауында тұр.