• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

6-10 наурызда мұнай бағасына әсер ететін факторлар

130 рет
көрсетілді

Өткен жұма күні доллардың өзіндік құнының төмендеуі есебінен мұнай бағасы көтерілді. Айта кетейік, өткен апта 55 долларға дейін төмендеген мұнай бағасы соңғы бірнеше аптадағы ең төменгі көрсеткішке түскен еді. Доллар құнының төмендеуі әдетте мұнай бағасының қымбаттауына алып келеді. Өйткені, мұнаймен саудаланатын шикізат өзге валюталармен есептегенде арзанға шығады. Сонымен қатар Ливиядағы мұнай кен орнындағы апатты жағдайдан кейін экспорт көлемінің нақты белгіленбей қалуы да бағаға оң әсер етті. Дегенмен, апта қорытындысы бойынша, АҚШ тақтатас мұнайы экспортының көбеюі мүмкін деген қауесеттің кесіренен мұнай бағасы төмендеді. Жұма күнгі соңғы сессияда Лондон қор биржасында Брент маркалы мұнай бағасы 0,59 доллар қымбаттап, барреліне 55,90 долларға жетті. Дегенмен, бүгін, дүйсенбіде, баға 55,70 долларға дейін төмендеді.   Осы апта мұнай бағасына төмендегі шаралар әсер етуі мүмкін. Сейсенбі, 7 наурыз Халықаралық энергетикалық агенттік АҚШ мұнай экспортының көлемі туралы мәліметті жаңартады. Сәрсенбі, 8 наурыз АҚШ энергетика министрлігі АҚШ мұнай мен жанармай қоры туралы апталық есебін жариялайды. Бейсенбі, 9 наурыз АҚШ энергетика министрлігі АҚШ табиғи газының қоры туралы апталық мәліметпен бөліседі. Жұма, 10 наурыз Baker Hughes компаниясы АҚШ бұрғылау құрылғылары туралы апталық есебін шығарады.