• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Көктемгі егіс жұмыстарына 21,8 млн гектар жер бөлінеді

188 рет
көрсетілді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың апта сайынғы брифингі өтті. Жиын барысында ол Елбасының, Парламент пен Үкіметтің, сондай-ақ барлық орталық мемлекеттік органдардың қатысуымен өтетін келесі аптаның ең маңызды іс-шаралары туралы хабарлады. Сонымен қатар, брифингке мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары және ресми өкілдері қатысты. Алдыңғы аптада өткен брифинг барысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Әбдіхалық елімізде биылғы көктемгі егіс жұмыстарына 21,8 млн. гектар жер бөлінгенін мәлімдеген болатын. «Жалпы, биылғы көктемгі егіс жұмыстарына 21,8 млн. гектар жер бөлінеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 166 мың гектарға көп», – деген қоғаммен байланыс басқармасының басшысы көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жанармай көлемі әзірге белгісіз екенін айтқан. Бүгінгі брифинг барысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі биылғы көктемгі егіс жұмыстарын атқару үшін 375 мың тонна жанармай бөлінгенін атап өтті. «Атап айтқанда, наурыз айына – 147 мың, сәуірге – 106,4 мың, мамырға – 118,6 мың және маусымға 2 мың тонна жанармай бөлінеді», – деп нақтылады Ж.Әбдіхалық. Биылғы наурыз айында көктемгі егіс жұмыстары үшін дизель отынының бағасы 107 теңгені құрайды.