• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң Конституциялық Кеңеске жолданды

268 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынылған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң Конституциялық Кеңеске жолданды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдап, Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынды. Конституцияның 72-бабына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев аталған заңды мемлекеттің қызмет қағидаттары мен басқару нысанына негізделген, Конституцияда белгіленген құндылықтарға сәйкестігі тұрғысынан қарастыру үшін Конституциялық Кеңеске өтініш білдірді.