Алматыда қазір пәтерлердің шаршы метрі 362 мың теңге ($1148), деп жазады kn.kz сараптама қызметі. Әсіресе 1 және 3 бөлмелі пәтерлер арзандап жатыр.
27 ақпан мен 5 наурыз аралығындағы Алматының қайталама нарығында "қымбат үйлердің" шаршы метрі 479 000 теңге болса, "арзан" үйлер 270 000 теңге.
Ал орташа есеппен Алматыдағы пәтерлердің орташа бағасы 22 455 300 теңге. Бір аптада бұл көрсеткіш 4,36% төмендеді.