• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Головкин Джейкобстан жеңілсе, барлық атақтан айырылады – промоутер

152 рет
көрсетілді

Промоутер Том Леффлер орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головикиннің (36-0, 33 КО) алдағы жекпе-жегі жөнінде пікір білдірді. «Өткен жылы WBC желісі бойынша Альвареспен, WBA жолында Джейкобспен міндетті жекпе-жек өткізу керек болғандықтан, басқа ешнәрсеге көңіл бөле алмадық. Соның салдарынан небәрі екі-ақ кездесу өткіздік. Ал Головкин жыл сайын үш-төрт мәрте рингке шығып үйреніп қалған», – деді қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер. «Менің басты жұмысым – бәрін алдын ала жоспарлап отыру. Ал GGG биыл кемінде үш рет айқас өткізуді жоспарлап отыр. Бірақ бұл Джейкобсты назардан тыс қалдырдық деген сөз емес. Геннадийдің қазіргі уақыттағы бар ойы Дэнни жайлы. Себебі, 18 наурызда жеңіске жетпесе, бәрі құрдымға кетпек. Бүгінгі күнімізге жету үшін көп еңбектендік. Оның үстіне айқасқа шақырған боксшылардың көбі уәделерінен айнып қалып жататын сәттер болып тұрды. Сондықтан кішкене ғана салғырттығымыз жоспарымыздың күл-талқанын шығарады. Мәселен, баскетболда жеңіліп тұрып та чемпион болуға мүмкіндік бар. Ал бокста бәрі керісінше. Бір ғана жеңіліс қолыңда тұрған атақтың бәрінен айырады. Мұндай кезде Джейкобс орта салмақта ең мықты боксшы атанып кетеді», – деді Леффлер. Айта кетейік, қос боксшының арасындағы айқас 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.