• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

ҚР ИДМ Комитетінің басшысы ұйымдасқан қылмыстық топ құрған - Ұлттық бюро

237 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев басшылық еткен қылмыстық топтың қызметі әшкереленді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы. Ведомствоның хабарлауынша, Нұрабаев Қазақстан Республикасының территориясы бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасау үшін кәсіпкерлерден аса ірі көлемде пара алу үшін қылмыстық жоспар құрған. "Бұл қылмыстық жоспарға Комитет төрағасының сенімді өкілі - орынбасары Н.Құрбанов, "Қазжерқойнауы" және "Южказнедра" РМК басшылары А.Нұржаубай мен Е.Әділханов, "Казгеоинформ" МБ басшысы А.Өтегенов, Маңғыстау облыстық геология инспекциясының басшысы Б.Мутан, сондай-ақ, Комитеттің құрылым бөлімшелерінің басшылары тартылған", - делінген хабарламада.  Сонымен қатар, Б.Нұрабаевтың сенімді өкілі М.Әбдрашев (сыныптасы) сыбайласы болған делінеді. 6 наурызда Б.Нұрабаев "Акмола Голд" ЖШС өкілінен мемлекеттік жер қойнауын зерттеуге келісімшарт жасасуға көмектескені үшін кезекті рет 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған. Сонымен қатар, Б.Нұрабаев пен М.Әбдрашев пара ретінде 25 мың доллар болатын AUDI Q7 көлігі мен Шымкентте құны 25 мың доллар болатын 3 бөлмелі үй алған. Бұл мүліктер Әбдрашевтің ұлының атына жазылған. Сонымен қатар, оның "SKPetroleum" ЖШС өкілінен 20 мың доллар алғаны анықталған. Мұнымен бірге, ол Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарындағы жер қойнауын пайдаланушылардан келісімшарт жасасуда лоббилегені үшін тауар-материалдық құнды заттар алғаны анықталып отыр. Комитет басшысы алды делінген жалпы пара көлемі - 100 мың АҚШ доллары. Соталды тергеу жалғасып жатыр.