• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Сауат ашу пәнiнiң орнына "Ана тiлi" оқытылады

205 рет
көрсетілді

Сауат ашу пәнiнiң орнына "Ана тiлi" пәні оқытылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментiнiң директоры Жаңыл Жонтаева мәлімдеді. "Сауат ашу пәнiн "Ана тiлi" деп атау туралы көптеген ұсыныс келiп түстi. Бiз оны қабылдадық. Ендi Сауат ашу атауы "Ана тiлi" болып өзгертiледi", - деді Жонтаева. "Қазiргi уақытта мектепке баратын балалар әрiп танып, оқи алады. Сондықтан, педагогтар қауымымен келiсе отырып, 2016 жыл "Әліппені" "нөлiншi" сыныпта оқыту туралы шешiм қабылдадық. Бiрiншi сыныптарда Сауат ашу пәнiнiң орнына "Ана тiлi" пәнi оқытылады", - дедi ҚР БҒМ вице-министрi Эльмира Суханбердиева.