• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Елімізде стрит-уоркауттан халықаралық турнир өтті

157 рет
көрсетілді

Қазақстанда алғаш рет стрит-уоркауттан әйгілі «Battle of the Bars» турнирі өтті. Әлемнің 16 үздік атлетшісі өзара чемпиондық атақты сарапқа салды. Бұл туралы sports.kz хабарлады. Дәстүрлі турнир Сан-Хосе, Лос-Анджелес, Чикаго, Мехико Сити, Дубай, Эль-Кувейт сынды әлемнің ірі қалаларында өткен. Бұл сында Рига қаласынан келген (Латвия) Дэниелс Лайзанс бәрінен үздік атанды. Екінші орынға мәскеулік (Ресей) Яков Воронов ие болса, үздік үштікті краснодарлық (Ресей) Алексей Кобяков түйіндеді. Төрешілердің қатарына америкалық Крис «Tatted Strength» Луэра, канадалық Брендан Мейерс сынды әлемдік деңгейдегі уоркаутшылар қатысты.