• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Астанадағы жалпықалалық сенбілікке 24 мың адам қатысты

225 рет
көрсетілді

Өткен демалыс күндері Астана қаласының аумағында көктемгі су жүрудің және тасқынның алдын алуға бағытталған ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті, оған 24 мың қала тұрғыны, соның ішінде «Алматы» ауданында – 10 253, «Есіл» ауданында – 1 736, және «Сарыарқа» ауданында 11 857 адам қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Қар жинау жұмыстарына елорданың 3000-нан аса кәсіпорны, ұйымы және мекемелері тартылды. Қар полигондарына 87 672 текше метр қар шығарылды. Шара шеңберінде қалалық басқармалар аудан әкімдіктеріне бекітіліп, қалалық коммуналдық қызметтермен бірлесіп орамішілік аумақты, тұрғын алаптардың аумақтарын және төменде орналасқан өзге де учаскелерді тазартты. Атап айтқанда, «Алматы» ауданындағы автокөлік жолдарында, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары Оңтүстік-шығыс тұрғын үй ауданында, ұзақтығы 25 км болатын 53 көшеде және тұйық көшелерде қар тазалау жұмыстарын жүргізді, 28006 текше метр қар шығарылды. Сондай-ақ, сенбілік шеңберінде бұған дейін қар үйілген гүлзарлар қардан тазартылып, жолдар, жаяу жүргінші жолдары, саябақтардағы шағын архитектуралық формалар, субұрқақтар, мүсін композициялары тазартылды. Қазіргі уақытта қаланың үш ауданының әкімдіктері қарды жинау, шығару жұмыстарын күшейтілген тәртіппен жүргізуде.