• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Үкімет басшысы Қырғызстан премьерімен кездесті

109 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кезекті отырысына қатысу үшін Бішкекке жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды primeminister.kz ЕҮАК жұмысы аясында Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізді. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастар, шекара, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мəселелері талқыланды. Сондай-ақ, ертең ЕуразЭО-ға мүше елдердің Үкімет басшыларының Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаевпен ұжымдық кездесуі жоспарланған.