• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2017

Бейнелер ойдан шығарылмайды

318 рет
көрсетілді

Елімізге танымал семейлік қолөнер иесі Құрман Абайұлы Аймұханбетов Қытай елінде, Шәуешек қаласында дүниеге келген. Кейінірек қана атамекенге оралған қандас бауырларымыздың бірі. Сондықтан болар, оның туған жерге деген ыстық сезімі, махаббаты әрбір туындыларынан байқалып тұрады. Бүгінде Құрман Абайұлы қаладағы ең үздік оқу орнының бірі – Бизнес және сервис колледжінде табысты еңбек етіп жүр. – Менің жас буын студенттерге сабақ беріп қана қоймай, осындай өнермен өз шығармашылығыммен айналысатынымды байқаған директорымыз, білгір маман, білікті басшы Альмира Балтабекқызы Хожанова үнемі қолдау, көмек көрсетіп тұрады, – дейді Құрман аға ағынан жарылып, – колледж­де менің авторлық көрмем тұрақты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, алғашқы еңбектері жақсы жасалған шәкірт­терімнің де көрмесі бірге қойылған. Жақында Астанада Қа­зақстан Республикасы Тұң­ғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Семей ядро­лық сынақ полигонының құнды құжаттарына орай көр­ме ұйымдастырылған еді. Көр­меге мүсінші бас-аяғы он бес дүние апарыпты. Құрман Абайұлы жасаған дүниелер көрмеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонын жабу, Кур­чатовтағы Ұлттық ядро­лық орталығын ашу сияқты көптеген құнды құжат­тары­мен қатар тұрыпты. Сол туындыларының қата­рын­да «Өлім себуші саңы­рау­құлақтың жануарға әсері», «Жа­рылыс азабы», «Отқа оранған үшеу», «Қара және шо­шы» сияқты көптеген ғажайып мүсіндер бар. – Менің көр­меге қойған жұ­мыс­тарымнан ша­ра­сыз­дық­ты ға­на көрмеңіздер. Бұл алда­ғы бо­лашаққа қор­қы­ныш, алаң­дату деп түсініп, осындай сұмдықты адамдар енді қай­та­ламаса деген ес­керту. Әрбір экс­­понат жан түр­шіктіреді. Ойға батырады. Бұл арамызда өмір сүріп жатқан жандардың прототипі. Олар тек тауқымет ше­гіп жатыр. Бі­реу­дің қатесі үшін азап шеккендер. Осыны істеген Адам! – дейді Құрман аға, – Мына бір мүсінімде, полигонның зардабы тимесе, шіркін, сұлу қыздар қарайтын жігітке айналар ма еді деген бозбаланың ойын жеткізуге тырыстым. Әрбір мүсіннің өзіндік мәні мен мағынасы бар. Бейнелер ойдан шығарылмайды. Бүгінде Семей полигонының зардабына байланысты 30 мүсін жасалды. Әлі де 2 көлік ағаш бұтақтары мен шөркелер ке­зегін күтіп тұр. Раушан Нұғманбекова Семей Суреттерді түсірген автор