• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2017

«Астана Экспо-2017» қарсаңында қазақстандық тауарлар павильоны ашылды

119 рет
көрсетілді

Астана аумағында «Астана Экспо-2017» қарсаңында Еуразиялық Іскери Одағының филиалы ретінде қазақстандық тауарлар павильоны ашылды. Онда халық маркасы сертификатына ие болған 100 үздік отандық брендтің өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Атап айтқанда, азық-түлік, киім-кешек, кәдесыйлар мен жәдігерлер және т.б. өнімдер сатылымға қойылды. А.ж. 15 ақпан күні Ресей мен Еуропадағы ірі агрокластер саналатын «Фуд Сити» орталығында «Халық маркасы»  федерациясы мен «Еуразиялық іскер одақ» арасындағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Осы күні «Еуразиялық іскер одақ» жобасы аясында  сауда әрі көрмеге лайықталған павильондарды ашу салтанаты да өткен болатын. Бұл көрмеге Еуразия кеңістігіндегі бірнеше мемлекет қатысқан еді. Олардың арасында Қазақстанның «Қазақстанда жасалған. Халық маркасы» ұйымдастырған Қазақстанның Ұлттық павильоны халықаралық сауда сарапшылары тарапынан жоғары баға алды. Айта кетейік, «Еуразиялық Іскер Одағы» Еуразия экономикалық аумағының Кәсіпкерлер одағы 2014 жылы Еуразия Экономикалық Одағы, ШЫҰ, БРИКС, АСЕАН және басқа мемлекеттер арасындағы экономикалық интеграция процестеріне қолдау көрсету мақсатында құрылған болатын.