• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2017

Қазақстан әуе компанияларына Транссібір бағытын пайдалануға рұқсат берілді

246 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Ресейдің қалыптасқан екіжақты серіктестік ынтымақтастығының негізінде Ресей Федерациясы аумағының әуе кеңістігімен ұшу мәселесі жөнінде келісім жасалды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі. Келіссөздердің қорытындысы бойынша, қазақстандық әуе компанияларына Ұлан-Батор мен Токиоға кедергісіз жаңа бағыт ашуға мүмкіндік беретін Транссібір бағыты жүйесін қолдану арқылы ұшу құқығы берілді.  Аталмыш мәселе ұзақ уақыт талқыланды. Сонымен қатар, еліміздің тасымалдаушылары Астана-Байқоңыр және Алматы-Байқоңыр бағыттары бойынша күн сайынғы рейстер орындау құқығын алды. Тараптар келісімді хат алмасу жолымен бекітті.