• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2017

Әлеуметтік желілер жалғыздық сезімін туғызады – ғалымдар

310 рет
көрсетілді

Getty Images

Әлеуметтік желілер, оның ішінде «Туиттер», «Фейсбук» және «Инстаграм» - адамның жалғыздық сезімін күшейтеді дейді американ психологтары. Бұл туралы ВВС жазады. Егер адам әлеуметтік желіде күніне екі сағаттан көп отырса, оның бойында жалғыздыққа ұшырау қаупі екі өсе өседі дейді мамандар. Өйткені, әлеуметтік парақшалардағы адамдардың идеал образы қызғаныш сезімін оятуы мүмкін. Сауалнамаға 19-32 жас аралығындағы ек мың адам қатысқан. Зерттеу авторларының бірі, Питтсбург университетінің профессоры Элизабет Миллер жалғыздыққа әлеуметтік желі себеп болады деуге ерте екенін де айтады. «Мүмкін, жастар әуелі әлеуметтік жалғыздық сезіміне ұшырап, содан кейін әлеуметтік желілерге кіре бастайтын шығар. Немесе әлеуметтік желіде көп отыру реал өмірден ажырау сезіміне ұшыратады» дейді ол. Питтсбург университетінің профессоры Брайан Примактың айтуынша, қазіргі технологиялар қарым-қатынасты оңайлатпайды, керісінше қиындатады. «Былай қарағанда, әлеуметтік желілер адамдарды қарым-қатынасқа жетелейтін сияқты көрінеді. Алайда, біздің зерттеу көрсеткендей, ол проблеманы адамдар күткендей шеше алмайды екен» дейді Примак.