• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2017

ЕАЭО елдері арасындағы заңсыз тауар айналымы сөз болады

175 рет
көрсетілді

Сейсенбі күні Бішкекте  Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді. Кездесуге қатысушылар  Еуразиялық одақ аумағында жекелеген шектеулерді жою,  тауар, қызмет, капитал және адам күшінің қозғалысына қойылған кедергілерді  алып тастау мәселелерін талқыламақшы, делінген кездесуге дайындалған материалдарда. Бұл туралы abctv.kz жазып отыр. Ресей үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыста  өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес механизмдерін әзірлеу, зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелеріне назар аударылады. Атап айтқанда,  премьер-министрлер ЕАЭО аясында адал бәсекелестік үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында билік органдары, қоғамдық және ғылыми мекемелер, бизнес пен құқық иеленушілер үшін арнайы диалогтық алаңдар құру бастамасын қарастырады. Сондай-ақ цифрлы экономика саласында, оның ішінде  ақпараттық және компьютерлік технологиялар, телекоммуникация саласында бес елдің ынтымақтастығы туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар үкімет басшыларын Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қабылдайтын болады.