Петропавлда алдағы жазда жылдам дайындалатын кеспе шығаратын зауыт іске қосылады, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің индустриялық-инновациялық даму басқармасы. Бұл туралы abctv.kz жазады.
Жобаның құны – 1,5 млрд теңге.
Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 76 мың тонна өнім шығарады. Дайын өнім еліміздің 12 қаласына, сондай-ақ Ресейдің шекаралас аудандарына саудаланады.
Жылдам пісетін кеспе Солтүстік Қазақстанда өскен бидай ұнынан дайындалады.