Қызылорда облысына Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин келді. Аслан Есболайұлы алдымен мәслихат депутаттарымен жолықты. Оларды облыс әкімін тағайындау туралы Елбасы Жарлығымен таныстырып, аймақты осыған дейін басқарып келген Болатбек Қуандықовтың кандидатурасы қайта ұсынылғанын айтты. Мәслихат депутаттары Болатбек Баянұлының кандидатурасын бірауыздан мақұлдап, Елбасы шешімін қуаттады.
Одан кейін Президент Әкімшілігінің Басшысы облыс активімен кездесті.
– Бүгін сіздердің алдарыңызға Елбасының арнайы тапсырмасымен келіп отырмын. Қызылорда облысын осыған дейін басқарып келген Болатбек Қуандықов Елбасы Жарлығымен қайта тағайындалды. Жаңа мәслихат депутаттарымен жолығып, ол кісілердің келісімін алдық, – деді Аслан Есболайұлы.
Облыс активінің алдында сөз алған аймақ әкімі ең алдымен Елбасыға алғыс айтты. Артылған сенімге сай жұмыс істеуге, қолға алынған шаруаларды соңына дейін жеткізуге, облыстың көркейіп, өсіп-өнуіне, дамуына барынша еңбек ететінін жеткізді.
Ержан БАЙТІЛЕС.
Қызылорда.