• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2017

Қырымбек Көшербаев қыз-келіншектерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

318 рет
көрсетілді

8 наурыз мерекесі қарсаңында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр еліндегі әйелдер қауымының белгілі өкілдерімен  кездесіп, оларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Әкім аймақтағы маңызды салалардың басы-қасында қыз-келіншектердің  жүргенін айрықша  атап өтті. - Соңғы жылдардағы статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда педагогтардың 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 87 пайызы әйелдер. Барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің 60 пайызы қыз-келіншектердің үлесінде.  Облыс экономикасының маңызды саласы шағын және орта бизнесте – 80  пайыз әйелдер. Бүгінгі кездесуге көпбалалы аналар, ауыл еңбеккерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, бір сөзбен айтқанда еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға бар күш-жігерін салып еңбек етіп жүрген құрметті қыз-келіншектер, аяулы арулар жиналып отыр. Облыстағы барлық жетістіктерге сіздердің әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз зор,- деді облыс әкімі. Мерекеге орай Асқар Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.