• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2017

Қырғызстан ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын құруды ұсынды

139 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық ету аясында Қырғызстан бизнестің дамуына жағдай жасау керектігіне көңіл аударады, деді Қырғызстанның премьер-министрі Сауранбай Жәнібеков. «Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы Алмасбек Атамбаев одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына қарата жасаған мәлімдемесінде 2017 жылы Еуразиялық кеңістікте бизнесті дамытуға жайлы жағдай жасауға көңіл аударуға шақырып, 2017 жылы одақ қызметінің басты аспектілерін нақтылады", - деді Жәнібеков Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кеңейтілген отырысында. «Атап айтар болсақ, күн тәртібіндегі мәселелердің бірі инвестициялық саясатты жандандыру, ЕАЭО елдерінде жұмыс істейтін азаматтар мен олардың отбасына зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімге қол қою, сандық кеңістікті құру стратегиясын дайындау, өнеркәсіптік ықпалдастықтың басым бағыттарын іске асыру, ЕАЭО шарттары нарығын либеризациялау, ЕАЭО мүше мемлекеттердің бірлескен көлік саясатын іске асыру бағыттары мен кезеңдерін орындау, Одақтың ортақ қаржы нарығын құру тұжырымдамасын дайындау", - деді Жәнібеков. Оның айтуынша, осы жұмыстарды орындау үшін бірлесе жұмыс істеу керек. «Осы мақсатта Еурпазиялық экономикалық комиссия мен мүше мемлекеттердің үкіметтеріне бірлесіп жақын арада ЕАЭО мемлекеттерінің басшыларына Жоғарғы кеңесінің төрағасына бағытталған үндеуде айтылған бастамаларды іске асыру шараларының жоспарын дайындауды тапсыру керек", - деді Сауранбай Жәнібеков.