KASE-нің күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша, 1 АҚШ доллары таңғы сессиямен салыстырғанда 0,53 теңгеге арзандап, 314,94 теңгеге тең болды.
Ал Астана уақытымен күндізгі сағат 15:50-де Брент маркалы мұнай құны 0,07 пайыз қымбаттап, 56,05 долларға теңесті.
Айта кетейік, өткен апта тұрақты арзандаған мұнайдың соңынан еріп құнын жоғалтқан теңге осы апта қайта нығая бастады.