• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2017

Тақсай ханшайымы

7901 рет
көрсетілді

  Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Тақсай қорғанынан 2012 жылы табылған ақсүйек сармат әйелінің қабірі отандық археология ғылымындағы зор табыстың бірі ретінде есептеледі. Қабірден әйелдің мүрдесімен бірге әшекейлері, жапырақты жапсырмалары, білезіктері табылған. Және мұның бәрі алтыннан болатын. Есік қорғанынан табылған әйгілі «Алтын адам» бейнесін қалпына келтірген ғалым-реставратор Қырым Алтынбектің жетекшілігімен ақсүйек әйелдің мүсіні қайта жаңғыртылды. Қазіргі таңда «Тақсай ханшайымы» деген атты иеленген бұл ескерткіш жәдігердің түпнұсқасы Ұлттық музейде сақтаулы тұр. «Тақсай ханшайымының» қабірін ғалымдар біздің заманымызға дейін V-VІ ғасырларға жатқызды. Бірақ, қайтыс болған әйелдің жасы нешеде екені анықталмаған. Жалпы, Тақсай кешенінен қабірден басқа көптеген жәдігерлер табылғаны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мәлім болған-ды. «Кешеннен табылған жәдігерлердің көптігі мен ақпараттық тұрғыдағы рөлі оны маңызды ете түседі. Бұл қорғанды зерттеу арқылы отандық ғылымдағы ең бір үлкен ашылу жасалды», дегенді айтқан еді археолог. Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан» Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»