• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2017

Әсемдік әлеміне шақырады

355 рет
көрсетілді

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Өскемендегі му­зей-қорықтың «Алтай» галереясында суретші Тоғжан Оспа­нованың «Әйел көзқарасы» атты дербес көрмесі ашылды. «Музей кеңістігіндегі жаңа есімдер» атты ұзақ мер­зімді жоба аясында ұйым­дастырылған көрмеге су­рет­шінің 50-ден астам туындылары қойылған. Қылқалам шеберінің «Аға­раң­даған желкен», «Тау етегін­де», «Кофе ханшайымы», «Жұл­дызды аспан», «Нөсер», «Белгі панносы» сынды картиналарына көз салған көрермен көгілдір көк­темнің лебін сезініп, әсемдік әлеміне тереңінен бойлайды. Тоғжан Оспанованың негізгі мамандығы – мұғалім. Заң­герлік білімі де бар. Сурет салуға мектеп қабырғасында жүр­геннен әуес болғанын айтқан суретші өзге мамандықты таңдаса да, қылқаламға деген құштарлығының ешуақытта кемімегенін, балалары есейіп, ер жете бастаған соң сүйікті кәсібіне қайтадан ден қойғанын тілге тиек етті. – Бүгінгі көрмеге қойылған еңбектерімнің барлығында менің өмірге деген көзқарасым, ойларым мен сезімдерім бар. Бір жағынан өзім біртүрлі жалаңаштанып қалғандай күйде тұрмын. Өйткені, араласатын ортам – жақындарым мен әріптестерімнің арасында менің сурет салатынымды білмейтіндер де бар. Бұл көрме олар үшін нағыз жаңалық болды, – дейді суретші. Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан» ӨСКЕМЕН