• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2017

Зағип жандарға арналған шара

550 рет
көрсетілді

Астана қаласындағы «Хан Шатыр» СОСО-да «Қазақстан зағиптар қоғамы» мен «Ахыска» түрік этномәдени орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық шарасы өтті. Халықаралық әйелдер кү­ніне арналған шараға Қа­зақ­стан халқы Ассам­блея­сы­­ның мүшелері, қоғамдық ұйым­дар­дың өкілдері, эстрада жұл­дыз­дары, сондай-ақ қала тұр­ғын­дары қатысты. – Көктемнің алғашқы ме­ре­ке­сінде нәзік жандылар ерекше бір сыйлықты күтетіні белгілі. Мүм­кіндігі шектеулі жандар да қо­ғамның бір бөлшегі. Өзім­мен бірге зағип немеремді ертіп келіп отырмын. Екеуіміз бар­ша қыздарға арнап ән шырқ­а­­­- дық, – деді Қазақстан халқы Ассам­блеясының мүшесі Зухра Саяпова. Қайырымдылық шарасы ал­ты жылдан бері дәстүрлі түрде өт­кізіліп келеді. Басты мақсаты – мүм­кіндігі шектеулі жандарға жәрдем көрсету. Биыл да өткен жылғыдай Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыруға бағытталып отыр. Жиын сондай-ақ, жұл­дыз­дар мен әртістер ұйым­дас­тыр­ған мерекелік концертке жалғасты. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»