• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2017

Чемпиондар лигасындағы айтулы жеңістер (видео)

212 рет
көрсетілді

Өткен түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Барселона» өз алаңында Францияның «Пари Сен Жермен» командасын 6:1 есебімен жеңіп, футбол тарихындағы ең үздік камбэк жасаған болатын. Алғашқы ойында каталондықтар 0:4 есебімен ойсырай ұтылғанына қарамастан, жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Чемпиондар лигасында осыған ұқсас қандай ойындар тіркелген екен?

«Бавария» 1:2 «Манчестер Юнайтед»

1998/1999 маусымындағы финал. Неміс командасы негізгі уақыттың соңына дейін бір гол соғып, алда келе жатқанмен, қосымша берілген минуттарда екі бірдей доп жіберіп алып, қолда тұрған жеңістен айырылып қалған. Голдарды соққандар: Баслер 5 – Шерингем 90, Сульшер 90.  

«Депортиво» 4:0 «Милан»

2003/2004 маусымының ширек финалының алғашқы ойынында италиялық команда «Депортивоны» 4:1 есебімен жеңгенмен, екінші матчта 0:4 болып ұтылды. Голдарды соққандар: Пандиани 5, Валерон 35, Луке 44, Фран 76.  

«Милан» 3:3 (пенальти 2:3) «Ливерпуль»

2004/2005 маусымының финалдық кездесуі әлі күнге дейін жанкүйерлердің есінде болар. «Милан» бірінші таймда үш гол соғып, алға шыққанмен, ойынның екінші бөлігінде дәл осындай доп жіберіп алды. Ал пенальти сериясында «Ливерпуль» басым түсіп, тарихи жеңіске қол жеткізген болатын. Голдарды соққандар: Мальдини 1, Креспо 39, 44 –  Джеррард 54, Шмицер 56, Хаби Алонсо 60.  

«Боруссия» 3:2 «Малага»

  2012/2013 маусымының 1/4 финалында қос ұжым жартылай финалды сарапқа салды. «Малаганың» алаңында өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталған соң, екінші матчта дортмундықтар фаворит ретінде есептелген. Бірақ «Сигнал Идуна Парк» стадионында өткен ойынның негізгі уақытында «Боруссия» 1:2 есебімен жеңіліп жатқан. Намысқа тырысқан олар қосымша берілген минуттарда екі гол салып, қажетті жеңіске жетті. Голдарды соққандар: Левандовский 40, Ройс 90, Сантана 90 – Хоакин 25, Элизеу 82.  

«Астана» 4:3 ХИК

  Елорда төрінде өткен тартысты кездесу қазақстандық жанкүйерлердің есінде мәңгі қалар. 2015 жылы осы турнидің үшінші іріктеу кезеңінде Финляндияның командасымен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жеткен. Станимир Стойлов шәкірттері 44-минутқа дейін екі гол жіберіп алып, жеңіліп жатқан. Астаналықтар барын салып алғашқы таймда есеп айырмашылығын қысқартса, келесі таймда пенальтиден әрі Дмитрий Шомконың әдемі голының арқасында алға шыққан еді. Бірақ матчтың негізгі уақытының аяқталуына төрт минут қалғанда финляндиялықтар таразы басын теңестіріп үлгерді. Соңғы минуттарда «Астана» жеңісті голды салып, келесі кезеңге жолдама алған еді. Голдарды салғандар: Джаллоу 4, Баах 42, Зенели 86 (пенальти) – Твумаси 44, Каньяс 47 (пенальти), Шомко 56, Постников 90. Айта кетейік, келесі кезеңде елордалықтар АПОЭЛ командасынан басым түсіп, өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан болатын.