• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2017

Головкин: Джейкобс маған қарағанда мықты боксшы

241 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин алдағы қарсыласы WBA (Regular) белбеуінің иегері Дэнниэл Джейкобс жайлы ой бөлісті. «Біздің жекпе-жегімізде нокаут тіркелетінін алдын ала болжап айта алмаймын. Бұл бокс. Дэнни керемет боксшы. Маған қарағанда күші де көбірек сияқты. Мен үшін ол қауіпті спортшылардың бірі. Қарсыластарын қыспаққа алып, шабуылға жиі шығатынын айта кеткен жөн. Өзіндік әдісі де бар, техникасы да мықты. Өз басым оны қатты сыйлаймын», – деді Boxingnews24.com басылымына берген сұхбатында. Айта кетейік, Дэнниел Джейкобс 2011 жылы ісік дертіне шалдығып, дәрігерлер боксқа қайта оралуына тыйым салған. Бірақ ауруын жеңгенмен қоймай, бүгінде орта салмақтағы үзді боксшылардың бірі атанып жүр. Головкин мен Джейкобс арасындағы айқас 18 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Елімізде бұл айқасты 19 наурызда «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.