• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

Қарағанды қызғалдақтары

273 рет
көрсетілді

Сіз ойлағандай емес, Ар­қаға көктем ерте келеді. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Қара­ғандының ірі жылыжай кешенінде 240 мың 750 қызғалдақ өсірілді. Тіпті, Астана мен Ақтаудың жігіт­тері сұлуларға қарағандылық қызғал­дақтарды тарту еткен болар. Гүлдерді Қара­­ғандыдағы «Green Technology» ЖШС жылыжай кешенінде өсірген. «Желтоқсан айында біз Голлан­диядан әкелінген қызғал­дақтардың баданаларын оты­рғыздық. Тікелей жеткізіліммен келді. Барлығы – 12 сұрып, соның екеуі жаңа», дейді «Green Technology» ЖШС-нің бас агрономы Галина Кизилова. Жылыжайдан кез келген талғамға сай түстер табылады. Қызыл, сары, жиегі алқызыл ақ түсті, көкшіл, қызғылт дейсіз бе, көз­дің жауын алады. Бұл күнде жа­ңағы екі жүз мыңнан астам гүл­дер­дің барлығы сатылып кеткен. Биыл кәсіпорынның жеткізу бағыт­тарына батыс өңірі қосы­л­ған. Олардың айтуынша, бүгінде 50 мыңнан аса қызғалдақ Ақтауға, 20 мыңы Астанаға жөнел­­тілген. Павлодарда да көтер­ме сатып алушылар бар. Негізінен өсірілген қызғал­дақтардың жартысынан астамы жергілікті нарықта сатылатын көрінеді. Сонымен қатар, жылыжай кешені қияр өсіруге маманданған. Ал гүлдер негізінен – қосалқы өнім. Қызғалдақтар кесіліп алын­ған көшетке енді қияр отыр­ғызылмақ. Нәзік жандылар қауы­мына триумф-қызғалдақтар, лала­түс­тес қызғалдақтар, ша­шақты, жасыл түсті, дарвиндік, гибрид және өзге де қызғалдақ түрлері қуаныш сыйлайтын болады. Бас агроном сондай-ақ, кесіп алынған қызғалдақтардың өмірін ұзартудың құпиясын да аша кетті. Ең бірінші гүлді суға салмас бұрын міндетті түрде саба­ғын қиған дұрыс. Су өте суық болуы тиіс, сонда қызғалдақтар ұзақ уақыт солмайды екен. Және гүл тұрған құтыны күн сәулесінен алыс ұстаған жөн және суға қант немесе аспирин қосуға болады. Суын толтырып тұрса, гүл бір аптадан артық өзінің табиғи қалпын сақтап тұра бермек. Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ