• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

Қаламгер академик атанды

247 рет
көрсетілді

Қазақстан Жур­­налистика ака­де­миясы жалпы жи­­налысының ше­ші­мімен қаламгер, Қа­зақстанның ең­бек сіңірген қай­раткері, Президент сыйлы­ғының лауреаты Қайсар Әлім ака­демияның то­лық мүшесі – ака­демигі болып сайланды. Бұл атақ оған журналистика саласындағы көп жыл­ғы үздік табыстары үшін бе­рілді. Бүкіл саналы ғұмырын қазақ баспасөзінің дамып, өркендеуіне арнаған қарымды қаламгер отызға жуық кітап­тың авторы. «Алаш­шыл жү­рек», «Мұңды сапар», «Ма­хаббат жыршысы», «Кәу­сар», «Мекке, Мәдинам ме­нің!»,т.б. туындылары оқыр­мандар ықыласына бөленді. Оның сегіз томдық шығармалар жи­на­ғына енген хи­каят­тары мен әң­гімелері, новеллалары мен эсселері, жур­на­лис­тік зерттеулері жо­ғары бағаланды. Қайсар Әлімнің шығармашылығы туралы Қазақ­стан­ның халық жазушылары Сырбай Мәуленов, Әзілхан Нұршайықов, Ға­фу Қайырбеков, Алаш арыста­рының соңғы тұяғы атанған Гүлнар Міржақыпқызы, белгілі ақындар Серік Тұрғынбеков пен Серікбай Оспанов, Әділғазы Қайырбеков,т.б. жылы лебіз білдірген. Бүгінде 70 жастың бе­лесіне шалдықпай көтеріл­ген қадір­менді әріптесімізге тың шығар­машылық табыс­тар тілейміз.