• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

Дамуымызға даңғыл жол салған

442 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы біздің Мәңгілік Елге бағыт алған даңғыл жолымызды нақты көрсетіп беріп отыр. Жолдауда: «Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын. Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз...», – деп атап көрсеткен. Сол 25 жылдық тамаша табыстарымыз бен жетістіктерімізді бүгінде бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды. Әрине, еліміздің қол жеткізген жетістіктері, абыройымыздың асқақтауы – бәрі-бәрі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер басшылығы мен кемел саясатының арқасы. Елбасымызға шексіз алғысымызды айтамыз, амандығын тілейміз. Мен көпбалалы «Батыр анамын». Жасым 80-нен асып кетті. Ұлымды ұяға, қызымды қияға қондырып, немере, шөбере, шөпшек сүйіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында еш алаңсыз бақытты өмір сүріп келемін. Елге бірлік, береке, Елбасына амандық тілеймін. Рабиға ӘБДІҒОЖИНА, көпбалалы «Батыр ана» Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы