• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

Ортақ мәдениетіміздің мақтанышы

586 рет
көрсетілді

Түркі мәдениеті мен өнерінің бүкіл әлемге танылуына, бауырлас халықтардың рухани қарым-қатынастарының дамуына зор үлес қосып келе жатқан ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов 70-ке толып отыр. Мерейтой иесін құттықтай отырып, осы мақаланы оқырман назарына ұсынамыз. Өмірдің екінші кезеңіне қадам басқан адамның қандай көңіл-күйде болатынын мен жақсы білемін. Сондай-ақ, адам­ды торыққан ойдан сақтайтын жұ­мыс екенін де ылғи айтып отыра­мын. Сүй­ген ісіңмен, ләззат алған жұ­мыс­ың­мен айналыссаң, бар күш-жігеріңді соған жұмсасаң, қандай жаста болсаң да сен тірі болып қала бересің. Осы тұр­ғы­дан келгенде, менің қадірлі досым Қа­сейіновтің жолы болды, ол – шын мә­ні­сінде бақытты жан. Өйткені, ол өзінің әрі сүйікті, әрі бір ғана елге емес, түркі ха­лықтарына пайдалы іс атқарып келеді. Д.Қасейіновтің шебер музыкант бол­ға­нын, кәсіби музыканың тілін жақсы мең­гергенін сіңірген ерен еңбегінен анық бай­қаймыз. Түркі мәдениетін таны­ту­дың ең оңтайлы жолы ретінде музык­­аны таң­да­ғаны бекер емес. Музыка – жү­ректі жау­лап алатын биік өнер. Бұл өнер­ге адал болған елдер ұзақ жасайды, өмірлері мән­ді, тіршіліктері сәнді бо­лады. Осы орайда, Ресей Президентінің Халықаралық мә­де­ни ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой­дың кейіп­ке­рі­мізге арнаған сөзі орынды көрінеді: «Дүй­­сен Қорабайұлының музыкант болуы өз тағдырындағы көптеген тұстарды ай­­қындай түседі деп ойлаймын. Ол кей кез­дерде сөзден бұрын дауыс ыр­ға­­ғы­ның маңызды екендігін жақсы тү­сі­неді. Сон­­дық­тан қазіргі күрделі заман­да оның бойын­да жақсылықтың, жы­лы­лық­тың жә­не бейбітшіліктің ырғағы мен қасиеті сақ­талған. Осы қасиетімен ол музыканың ды­бысын, екпінін және си­қырын жатсынатын адамның жоқ екендігін біліп, туысқанды татуластырып, елді елдестіре біледі. Ал өнер қашан да біріктіретін күш емес пе. ...Ол саяси және қоғамдық сала­лар­дың ғажап музыканты. Бұл – әр адамда кез­десе бермейтін қасиет. Менің ойым­ша, Дүйсен Қорабайұлы секілді саяси қайр­аткерлер өте аз. Ол мәдениет са­ла­сының келісім әрі үйлесім саласы еке­нін жақсы біледі. Ол – түркітілдес ха­лық­тардың, соның ішінде, қазақтың төл мә­­дениеті мен өнерін тек ТМД елдеріне ға­­на емес, Еуропа, Азия және Америка ел­­деріне паш етіп, өз мә­дениетін барлық ха­­лықтар үшін игілік екен­дігін насихаттап жүрген бірден-бір тұлға. Қазақтың қарымды қайраткері Д.Қасейінов мәдениет саласының әлемдік дең­гейдегі тұлғаларын қаншалықты жақ­­сы білсе, сол тұлғалардың да досы­мыз­­ды жақсы танитындығына кө­зі­­міз жетті. Шыңғыс Айтматовтың, Ол­жас Сүлейменовтің кейіпкеріміз ту­­­ралы айтқан жылы лебіздері қа­шан­­­да құ­ла­ғымызда жаңғырады. Сол сияқ­ты ме­нің жерлесім Полат Бұл­бұ­ло­ғ­лы­ның жақын досы, тамырлас туы­сы ретінде толғана отырып жазған жү­рек­ж­арды лебізін осы күні есіме алып, бау­ырластықтарына риза боламын. Өйт­кені, елді елдестіретін, жұртты жа­қын­дас­ты­­ратын осындай тұлғалар емес пе?! Әзер­байжан халқы үшін Олжас есімі қа­лай­ша қадірлі болса, Қазақстан дейтін ел де соншалықты қымбат. Бізден кейінгі буын­­ның ішінде де жұртпен жұртты жал­­ғайтын тұлғалардың бар екеніне қуа­на­­мын және бұл сабақтастық жалғасын т­аб­а бер­се екен деп тілеймін. Досым Полат Бей одақтас елдердің тәу­елсіздікке қол жеткізіп, әр ел өз жа­лауын көтеріп шыққан сонау 1993 жы­лы кейіпкерімізбен танысқанын, ал­ғашқы кездерде ресми мәдени қа­рым-қатынастың негізінде басталған дос­тықтың рухани жақындастыққа ұлас­қанын және сол кезде дүниеге келген ТҮРКСОЙ ұйымының арқасында бі­рігіп жұмыс істегенін те­бі­ре­не жет­кі­зеді: «…Сол жылы түр­кі­ті­лдес ха­лық­тардың мәдени және тари­хи жа­қын­дасуын сақтау әрі дамыту мақ­са­тын­да халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы құ­рыл­ды. Шынтуайтында, мұндай бас­тама­ны жү­зеге асыру үшін тек қана се­нім емес, ақыл­ға қонымды шешім және бә­туал­ас­тық қажет еді. Дүйсен Қорабайұлы Қазақстанның Мәдениет министрі болып тағайын­дал­ған кезде аталған ұйымның аясында са­быр­лы әріптестік атмосферасын қа­лып­т­астыру үшін орасан зор үлес қос­ты. Бұл қасиет оның адамдық болмысы­нан ай­қын көрінеді. Оның табиғаты сый­лас­тық­қа, се­німділікке, түсіністікке не­гіз­дел­ген. Өз­гелер тебірене сөйлейтін сөз­ді ол аптық­пай айтады, ақыл-қисынға бір­ден қондырады. Егер де Дүйсен Қорабайұлын бір ауыз сөзбен сипатайтын болсақ, ол – күн­дей жарқыраған «ақжарқын қазақ». Та­би­ғатына үңілсек, ол – даланың түр­кісі, на­ғыз қазақтың жігіті. Сон­дықтан шы­ғар, ол өз ана тілін сүйеді, Абайдың өлең­дерін те­бі­ре­ніспен оқиды, ұлттық фольклорға, әсі­ресе, музыкалық фольклорға терең бой­лайды», дейді ол. Халықтарды жақындастыратын өнер, жауластыратын мәдениетсіздік. Бұл бір ғана­ халықтың шындығы емес, бүкіл адамзаттың ақиқаты. Туысқан түркі ха­лықтарының бірлігі мен ынтымағына қыз­­мет ететін бірден-бір саланың мә­де­­ниет екені сөзсіз. Осы орайда түр­кі ын­тымақтастығын сақтауға және да­мы­­туға орасан зор үлес қосып отырған мем­­лекет басшыларымызға алғысымыз шек­­сіз. Әзербайжан Президенті Илхам Алиев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Дүй­сен Қасейіновті арнайы қабылдап, «Достлуқ» орденімен марапаттағанын мақ­танышпен айтамыз. 2009 жылы ТҮРКСОЙ ұйымының штаб-пәтеріне келген алғашқы президент – Қазақстанның Көшбасшысы қа­дірлі Нұрсұлтан Назарбаев еді. Сол сияқты Түркі Кеңесі, ТүркПА, Түркі Ак­а­д­емиясы сынды түркі ынтымағын кү­шейтетін ұйымдардың дүниеге келуіне тікелей ықпал еткен және барлық жұ­мыс­­тардың басы-қасында болған да Қазақ елінің Көшбасшысы екені мәлім. Қазақстанның тәуелсіздігін күшейту жолында Нұрсұлтан Әбішұлы­ның жанынан табылған Дүйсен Қа­сей­і­нов елінің үмітін, тіпті түркі ел­де­рінің се­німін толық ақ­та­ды деп айта ала­мын. Ол халық­та­ры­мыз­дың алдында еш­кімді алаламай, адал­ды­ғымен, адами қа­сиетімен ерен еңбек сіңірді. Ол әлі де тынымсыз еңбек етіп ке­ле­ді. Ол ұстаз ретінде талай шәкірт тәр­­бие­леді, талай өнер адамының сах­на­ға шығуына ықпал етті. Қазақтың жас өнер­­паздарының ғана емес, әзер­бай­жан­дық таланттардың да жолын ашты. Оларды қолдай отырып, қанат бі­тірді. Өйткені, ол өнерді сүйеді, өнер­паз­ды ардақтайды. Өнері өрге жылжыған елдің ғана болашағы жарқын боларына сенеді. Оған жас кезінен көзі жетті деп ойлаймын. Ол жастайынан шетел асып, аңызға айналған өнерпаздардың өнер көр­сеткен сахналарына шығып, жер кө­ріп, ел танып өсті. Әсіресе, дамыған ел­дердің мәдениет пен әдебиетке деген көз­қарасын байқады. Сондықтан ол әу бас­тан әлем мәдениетінен кем болмаған, ке­рісінше, жер бетіне үлгі болған түр­кі мәдениеті мен өнерін бүкіл әлем ха­лық­та­рына жеткізуді, таныстыруды мақсат етті. Сонау солақай саясаттың қылышынан қан тамған кездерде оның Орталық Азия елдері консерваторияларында білім ал­ған талантты жастардың басын қосып, сим­фониялық оркестр құрғаны бәрімізге аян. Мына тарихи сабақтастыққа қара­ңыз­­шы, кейін осы идея ТҮРКСОЙ ұйы­м­ы­ның негізінде толығымен жүзеге аса­­тын болады. Яғни, арманы ақиқатқа ай­­налады. Расында, ТҮРКСОЙ ұйымы ортақ рухани құндылықтарымызды музыка өнері арқылы паш етеді. Бұл – заңдылық. Соның ішінде, Әзербайжан музыкасын таныту мақсатында мугамдарымыз ТҮРКСОЙ өткізген концерттеріне қатысып, ұлттық өнерімізді Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия елдеріне танытады. Қазіргі таңда шетелде мугамды білмейтін жан жоқ шығар. Өйткені, соңғы уақытта мугамдарымыз ЮНЕСКО, БҰҰ сынды ұйымдарда, мұхит асқан елдерде, теңіз жағалаған құрлықтарда өнер көрсетіп жүр. Бұдан асқан мақтаныш бар ма?! Мұны да қадірлі Дүйсен досымның біз­­дің мәдениетімізге және жалпы түр­кі мә­дениетіне қосқан зор үлесі деп біле­мін. Тек қана Батыс Еуропа елдеріне ме? Жоқ, әрине, түркі әлемінің түкпір-түкпірінде, мәселен, ұлттық композито­рымыз Узеир Гажибековтің атақты «Көроғлы» операсының қойылуы абы­рой­ы­­мызды асқақтатты. Бұл туынды ал­­­ты түркітілдес елден 250 опера ән­ші­­­­сі­нің қатысуымен Алматы, Баку, Біш­кек, Ыстанбұл сынды қалаларда сахналан­ды. Бұл шын мәнісінде түркі әлемі үшін, соның ішінде әзербайжан халқы үшін тарихи оқиға болды. Сол кезде қуа­нышымды жасыра алмай, Дүйсен мырзаға: «Қазақтың ғана қо­лынан келетін іс атқардың!» – деп риза­шылығымды білдірдім. Иә, сол сияқты қазақтың көрнекті композиторы Мұқан Төлебаевтың атақты «Біржан-Сара» операсы алғаш рет түрік тілінде сөйлеп, Түркияның ең ірі-ірі қалаларында сахналанды. Оған біздің елдің белгілі опера әншілері қатысты. Әзербайжанның белгілі режиссері профессор Эфлятун Неиметзаденің режи­с­сер­лығымен қойылды. Ал қазақтың бір­туар азаматы, композитор Еркеғали Рах­мадиевтің «Алпамыс» операсы әзер­байжан тілінде сөйлеп, Каспий тол­қын­дарын тербеткендей әсерге бөледі. Дүйсен Қасейінов ТҮРКСОЙ ұйы­мына Бас хатшы болып қызметке кіріс­кен күннен бастап сөз өнеріне, әде­биетке көңіл бөледі. Бұл бізді қуа­н­­тады. Ұйымның қолдауымен әде­биет­ке қатысты өткен іс-шаралар, түр­кі тіл­деріне аударылған кітаптардың бар­лы­ғы көз алдымызда. Атақты драматург, ой­шыл Мирза Фатали Ахундзаденің мәң­гілік мұрасын бүкіл түркі әлеміне на­­­сихаттап, ұлы тұлғамызды қайта ті­ріл­т­ті. Ұлтымыздың ұлы ақыны Бах­тияр Вахапзаденің өлеңдерін түркі ха­лықтарының тілдеріне ауд­а­р­тып, кіта­бын басып шыға­рып, шығар­ма­шы­лығын еске алып, ақыны­мыз­ды қайта оятты. Биылғы жылды «Мола Пенах Вагиф жылы» деп жариялап, әзербайжан сөз өнерінің байлығын бү­кіл әлемге естіртіп отыр. ТҮРКСОЙ ұйымдастырған іс- ш­а­ралар мен басып шығарған кітап­тар­­­дың арқасында қазақтың «Қыз Жібек» дастаны мен хақастың «Хан Мирген» және «Ах Чибек Арыг» дастанына, ноғайдың «Мамай» дастаны мен якуттың «Чулуруяр Нургун Боотур» дас­­танына және тағы басқа құнды дү­ние­лерге қол жеткіздік. Бұрын есімін ғана еститін Мақтымқұлы, Сүйінбай, Тоқтағұл, Кадышев, Тоқай, Юнус сын­ды ақындардың шығармаларымен жа­қын­нан таныса бастадық. Осы тұста айта кеткенді жөн санаймын, ТҮРКСОЙ-дың ең ірі жобаларының бірі – Түркі әлемінің мәдени астанасы. Бұл жобаға ұқсас жобалардың Еуропа елдерінде бар екенін білеміз. Алайда, түркі әлемінің мәдени астаналарында өтетін кешенді мәдени іс-шаралар Еуропа елдерінде өтпейді. Мұны әлемде баламасы жоқ жоба деуге негіз бар. Былтыр Шәки қаламыз түгел түркі жұр­ты­ның мәдени астанасы болып жа­рия­ланды. Биыл эстафетаны түбі бір түр­кі­нің пірі Қожа Ахмет Ясауидің киелі жері – Түркістан қаласына тапсырды. Сон­дықтан осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістан 2017» жылымен барлық қазақстандықты құттықтағым келеді. Мұны не үшін айтып отырмын? Рас, аталған іс-шаралардың барлығы ТҮРКСОЙ-дың онсыз да атқаруға тиісті ша­ралары шығар. Дегенмен, сол ұйым­ның басшысы Дүйсен Қасейіновтің ықы­лас таныта жанын салып, шараның са­пасын қалай көтеретіндігіне куә болып жүрміз. Өйткені, ол – түркі әлемі үшін жанкештілік жасап жүрген басшы, өнер­сүйер тұлға, ортақ мәдениетіміздің мақ­танышы. Иә, мемлекет және қоғам қайраткері Дүйсен Қасейіновтің қазақтың ұлы екені сөзсіз, бірақ ол – әлем азаматы, түркі дүниесінің мақтанышы. Қадірлі до­сым­ның мерейтойы қарсанында бұл ең­бегін ашып айтуды өзіме парыз санадым. Оның осы жолда атқарып келе жатқан жұмыстарына жеміс тілеймін. Денсаулығың мықты, ғұмырың ұзақ болсын, бауырым! Анар РЗАЕВ, Әзербайжанның халық жазушысы