• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

Боксшы Бақтияр Эюбов жекпе-жегінің алдында салмағын өлшеді

234 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Бақтияр Эюбов кезекті жекпе-жегінің алдында салмағын өлшеді. Салмақ өлшеу рәсімі АҚШ-тың Мичиган штатындағы Детройт қаласында өтті, деп хабарлады vesti.kz. «MGM Grand Detroit» аренасында ұйымдастырылатын бокс кешінде жерлесіміз америкалық Гилберт Венегаспен (15-26-5, 8КО) жұдырықтасады. Жартылай орта салмақта өтетін кездесу 6 раундқа созылады. Бұл кешті жергілікті «Showtime» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді. Айта кетейік, Эюбов кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен, оның ішінде он кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған.