• RUB:
    5.35
  • USD:
    467.29
  • EUR:
    501.03
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

Женева көлік көрмесі 2017: ең әдемі көліктер (фото)

1596 рет
көрсетілді

Кеше Швецария астанасы Женевада жыл сайынғы дәстүрлі автокөлік көрмесі басталды. 9-19 наурыз аралығында өтетін айтулы шарада көпшілік пен сарапшылардың көзіне түскен көліктерді назарларыңызға ұсынамыз. Bentley, McLaren, Ferrari, Pagani, Lamborghini, Porsche көліктерінің ең соңғы үлгідегі туындылары көрмеге әкелінді. Сонымен қатар, жаппай халықтық сатылымдағы Range Rover, Mercedes-Benz, Lexus, BMW көліктері де көпшіліктің көзайымына айналды. Төменде, көрмедегі ең қымбат және ең әдемі көліктердің тізімі. Ferrari суперкөлігінің биыл бірнеше моделі әкелінді. Соның ішінде ең жылдам F12Berlinetta атты моделінің қуаттылығы 812. 2. McLaren алғаш рет өзінің екінші толқын суперкөлігін шығарды. Оның аты 720S. 3. Lamborghini көрмеге Aventador S көлігінің жаңартылған нұсқасын алып келіпті. Сонымен қатар, Ламборгини Performante атты Huracan суперкөлігінің жаңа моделін таныстырды. 4. Aston Науtin болса Valkyrie hypercar атты туындысын көпшілік назарына ұсынды. 5. Pagani компаниясы Huayra Roadster маркасымен мақтанды. 6. 700 ат күшіне ие Bentley Continental Supersports көлігі де көрменің үлкен жаңалығы ал, Bentley Bentayga Mulliner ең практикалық суперкөліктердің бірі ретінде таныстырылуда.