• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

Демалыс күндеріне арналған ауа райы

84 рет
көрсетілді

"Қазгидромет" РМК мамандары 2017 жылғы 11-13 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті. Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы демалыс күндері және дүйсенбіде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа райын биік циклондар анықтайды. "Солардың әсерінен ауа райы бұлтты жауын-шашынды, таулы  аймақтарда, ауа температурасы климаттық нормадан 1-3 градусқа төмен болады деп күтіледі", - дейді мамандар. Ал республикамыздың қалған аудандары антициклонның ықпалында, сондықтан ауа райы аз бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Бірақ түнгі және таңғы уақыттарда, Қазақстанның басым бөлігінде көріну мүмкіндігі 500 метрден 100 метрге дейін тұман болады. Ауа температурасы осы кезеңдерде қалыпты нормадан 2-5 градусқа көтерілмек.