• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

Алматы индустриялды аймағындағы 200 гектар жер инвесторларға берілді

355 рет
көрсетілді

Алматы индустриялды аймағының шамамен 200 гектар жері жеке компаниялардың инвестициялық жобаларына берілді, деп жазады kapital.kz. Индустриялды аймақта өнеркәсіптік өндірісті іске асыру үшін 275,6 га жер қарастырылған. Соның ішінде қазір уақытша пайдалану үшін инвесторларға 204,2 гектары берілді. Қазіргі таңда бос жатқан жер көлемі 71,4 га. Инвесторлардың пікірінше, индустриялды аймақтың қалаға жақын орналасуы жұмысқа оң әсер етпек. Сонымен қатар, бұрыннан қалған ескі өндірістік алаңдар қазіргі жағдайда жұмыс істеуге жарамсыз болып қалған. Ал жер телімінің меншік құқығына келер болсақ, бұл мәселе ірқилы шешім табады. Өнеркәсіптік нысандар құрылысы кезінде инвесторларға уақытша пайдалану құқығы беріледі. 1 шаршы метр жерді бір жылға жалға алу құны 42 теңге. Ал бұл жерлер үш жылға дейін жалға беріледі. Индустриялды аймақтағы жерді бері құқығы Алматы жергілікті әкімдігінің Өңірлік үйлестіру кеңесі және қалалық жер комиссиясының шешімі негізінде бекітіледі. Инвестициялық жобаны іске асырып біткеннен кейін инвестор жерді жалға алуды ары қарай соза ма, әлде сатып ала ма, ол жағын өзі шешеді.