• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

Көлеңкелі экономикамен айналысқандарға жазаны күшейту ұсынылуда

167 рет
көрсетілді

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстарға жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Экономикалық қызмет саласындағы көлеңкелі экономика белгілері бар қылмыстық заңбұзушылықтар саласындағы заңнамада жемқорлық, лаңкестік және экстремистік қылмыстар ұқсастығы бойынша нормаларды жасақтау қажет», - деді ол бүгін ҚР Парламенті Сенатында экономикалық қылмыстарды алдын алуға қатысты өткен дөңгелек үстелде. Оның сөзінше, көлеңкелі экономика саласында жауапкершіліктің арттырылуы өзге экономикалық заңбұзушылықтардың құрамын ізгілендіруге жол ашады. «Бұл, өз кезегінде, бизнес-климатты жақсарту және кәсіпкерлерге салынатын қысымды азайту мақсатында Мемлекет басшысының экономика саласындағы заңбұзушылықтарды ізгілендіру жөніндегі тапсырмасын орындауға септігін тигізеді», - деді Ахметжанов. Осыған байланысты ол, көлеңкелі экономикамен байланысты қылмыстық құрамдарды жеке бөліп, оларға жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды.