• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

Ауыл тұрғындарына бизнесті дамытуға 18 млн теңгеге дейін несие беріледі

150 рет
көрсетілді

Қала және ауыл тұрғындары шағын несие ала алады. Оның сомасы 3 млн теңгеден 18 млн теңгеге дейін ұлғайтылған. Мерзімі бұрынғысынша 5 жыл болып қалуда және соңғы тұтынушыға дейін жылдық 6%-бен жетуі тиіс. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады, деп жазады strategy2050.kz. «Бұрын «Жол картасы» аясында біз ауылдарды ғана қаржыландырып, несиелендірген болсақ, енді қалаларда да шағын несиелер берілетін болады. Оның сомасы 3 млн теңгеден 18 млн теңгеге дейін ұлғайтылған. Мерзімі бұрынғысынша 5 жыл болып қалуда және соңғы тұтынушыға дейін жылдық 6%-бен жетуі тиіс. Яғни егер адам өз бизнесін ашатын болса, 18 млн теңгеге дейін несие ала алады», - деді Т. Дүйсенов. Сондай-ақ, ол кепілдік беру несие алудағы жаңа құралға айналғанын атап өтті. «Несие алудың тағы бір мүмкіндігі кепілдік алу, бұрын бізде мұндай құрал болмаған. Егер адам алғаш рет өз ісін ашатын болса, оған алынатын несие сомасының 85%-ы мөлшерінде кепілдік беріледі, ал егер адам бизнеспен айналысып жүрсе, оның несие құнының 50 %-ы кепілдендірілуі мүмкін», - деп атап өтті Т. Дүйсенова.