• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

ОҚО-ның үш ауданы енді тау суын пайдаланады

526 рет
көрсетілді

 Жеті жүз мыңға жуық халқы бар Мақтаарал, Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының халқы енді тау суын пайдаланады. Бұған дейін бұл аудан халқының дені Өзбекстаннан келетін каналдар суы және минералдығы жоғары суды тұтынып келді. Екеуінде де қауіп жоғары. Өйткені, көрші елден арық арқылы келетін су санитарлық талапқа сай келмейді. Қазақстан тауларынан бастауын алатын Өгем өзенінің ұзындығы 80 шақырымға дейін жетеді. Өзбекстанның Шыршық өзеніне құятын Өгемде су қоры мол, орташа көлемі 664 млн. текше метр. Трансшекаралық Өгем өзенінен 3-3,5 м3/сек көлемде су алу мәселесі Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасында су қатынастарының барлық бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері бойынша екі ел өкілдерінің жуырда бірлескен жұмыс тобының отырысында келісілді.   Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы