• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

Психиатр дәрігерді өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды

131 рет
көрсетілді

Қостанай облыстық ішкі істер департаменті  аса ауыр қылмыс жасады—адам өлтірді деген күдікті 1977 жылы Қостанай қаласында туған Ғафаров Руслан Рамильевичке іздеу жариялады. Ол облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері, облысқа белгілі жоғары санатты психиатр дәрігер Рәшида Сандыбаеваны өлтірді деген күдік бар. Оның ерекше назар аударатын белгілері,: толықша, бойы 175-180 см, шашы қысқа, қара, маңдайының шашы таз сияқты сирек. Өзін танытпау үшін мұрт, сақал қойып алуы да мүмкін. Облыстық ішкі істер басқармасы күдіктіні байқаған жағдайда 8-7142) 526111, 526112 телефондары  немесе ұялы телефон арқылы «102» телефонына хабарлауды өтінеді. Естеріңізге сала кетсек, ақпан айының 20-сы күні облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері, жоғары санатты психиатр дәрігер, облыстағы сот-психиатриялық сараптау орталығының басшысы Рәшида Сандыбаева өз пәтерінде  аса қатыгездікпен өлтірілген болатын. Оның денесіне 30 жерден пышақ ұрған. Оны өлтірген қылмыстық топқа қатысы бар үш адам және өлтіруге сұраныс жасаған деген күдікпен  әріптесі, облыстық психиатриялық аурухананың  бөлім меңгерушісі Зәуреш Ізалдина ұсталды. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»