• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

Боксшы Айдар Шәрібаевтың қарсыласы анықталды

184 рет
көрсетілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаевтың келесі қарсыласы анықталды. Ол АҚШ-тың Майами қаласында 17 наурыз күні мексикалық Габино Готамен жұдырықтасады, деп хабарлады vesti.kz. Жеңіл салмақ дәрежесінде өтетін жекпе-жек алты раундқа созылады. «Қарсыласымды ұзақ таңдадық. Небәрі 23 жаста болса да өте тәжірибелі спортшы. Кәсіпқой рингке шыққанына алты жыл болған. Әрине, өзіме өзім сенімдімін. Жеңіске жету үшін барымды саламын. Чемпиондық атаққа апарар жекпе-жектердің бірі болайын деп тұр. Мені алда нағыз сын сағаты күтіп тұрғаны анық», – деді Айдар Шәрібаев. Жерлесіміз Майамидегі Moro’s Gym залында кубалық бапкер Осмири Фернандестің қарамағында дайындалып жүр. Жаттығу жұмыстары кезінде Лондон Олимпиадасының чемпионы Люк Кэмпбелмен спаррингтік жекпе-жек өткізген. Айта кетейік, Айдар Шәрібаев кәсіпқой бокста төрт кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның үшеуін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. BoxRec рейтингінде 253-орында келеді. Ал Габино Гота 27 рет рингке шығып, 19 кездесуін жеңіспен аяқтаған. Сондай-ақ, біреуінде тең түссе, қалған алтауында қарсыласына есе жіберген. Рейтингте 187-орында тұр.