• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

ОҚО-да еріктілердің қатысуымен жемқорлыққа қарсы акция басталды

193 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін «Есіктен есікке» акциясы басталды. Шараны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменті ұйымдастырып отыр. Сала мамандарының сөзінше аталған акция халық арасында дұрыс көзқарас қалыптастырып, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Ол үшін облыс аумағында 38 билборд ілініп, тұрғындарға үнпарақтар таратылмақ, деп жазады Қазақпарат. Әзірге бұл шаралар Шымкент қаласы аумағында қолға алынған. Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға бір топ еріктілер тартылып отыр. Қоғам дертіне айналған жемқорлықтың жолын кесуге бекінген жастар бүгін жоғарғы оқу орындарын аралап, өз замандастырына ескертпе қағаздар таратты. Қаланың көрнекті жерлеріне «Жемқорлыққа жол берме», «Жемқорлыққа жол жоқ» сынды мәтіндері бар плакаттарды жабыстырды. Айта кетейік, аталған үнпарақтарда ақпараттар мен бірге жемқорлық сипатындағы әрекетке тап болған жағдайда қайда хабарласуға болатыны да жазылған.