Кеше кешкілік ел өңірлерінде жұмыс бабымен болып қайтқаннан кейін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2011 жылға республикалық бюджетте қаралған Үкімет резервінен Батыс Қазақстан облысына қаржы бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қаулыға сәйкес 870 000 000 миллион (сегіз жүз жетпіс миллион) теңге Төтенше жағдайлар министрлігіне Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп, 2011 жылдың көктемгі су тасқынының төтенше жағдайларын жоюға байланысты халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін нысандарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін бөлінді.
Бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуына бақылау жасау Қаржы министрлігіне жүктелді.
Батыс Қазақстан облысының әкіміне 2011 жылдың 10 қарашасына дейінгі мерзімде бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуы жөнінде есеп ұсыну міндеттелді. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді