• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

Саяси мәні ерекше

171 рет
көрсетілді

Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мү­ше­лерінің, этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің, ғылыми-сараптамалық кеңес, жастар және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен іс-шара өтті. Ол конституциялық реформаларды қолдау бірыңғай күн аясында ұйымдастырылып, жаңғыру жолындағы іргелі қадамдар әңгіме арқауына айналды. Облыстық ҚХА-ның хат­шы­лық меңгерушісі Наиль Салимов «Конституциялық реформалар және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының даму бағыттары» деген тақы­рып­та баяндама жасады. Шешен өз сөзінде Қазақстан Рес­пуб­ликасының Конституциясына енгі­зілген өзгерістер мен толық­ты­рулар ел дамуының жаңа пара­ғына жол ашатынын, демокра­тиялық үдерістер қоғамымызды біріктіре түсетінін, мемлекеттік биліктің жаңа үлгілерін қа­лыптастыратынын жеткізді. Президент елді саяси жаң­ғыр­тудың бүгінгідей маңыз­ды кезеңінде Үкімет пен Пар­­ла­мент­тің рөлі мен дербес­тігін кү­шейтуге ерекше назар аударды. Осы орайда, пре­зи­дент­тік басқару формасы сақтала отырып, сонымен бірге, биліктің басқа тармақтарының өкілет­тіктері артып, кәсібилігі ны­ғаятынын атап өткен жөн. Қа­зірдің өзінде жұртшылық заң шығарушы және атқару­шы органдарға үлкен сенім біл­діріп, қоғамды демократиялан­ды­ру­дың маңызды кезеңіне бет алға­нымызды қуаттап отыр, деді ол. Облыстық мәслихаттың де­путаты Рашбиль Евдаев жергі­лікті мемлекеттік басқару, оған қатысуға халық қалаулылары мен тұрғындардың белсенділігін арттыру жайын сөз етті. Заңдар арқылы билік тармақтары мен олардың деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді барынша тиімді етіп, қайта бөлеміз. Осының бәрі жаһандық және өңірлік сын-қатерлерге уақтылы жау­ап беріп, алдын алу үшін жа­салған деген Елбасы сөзін кел­тіре отырып, жиналғандарды сая­си жаңғыртулардың бел ортасынан көрінуге шақырды. «Ұрпақ» қоғамдық ұйы­мы­ның төрайымы Гүлбақша Мұсабаева, «Барбанг» күрд қауым­­дастығы жергілікті бө­лім­шесінің жетекшісі Рашид Надиров «Береке басы – бір­лікте» деген халық даналығын еске түсіре отырып, бірегей инс­ти­тут деңгейіне көтерілген Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының этносаралық және конфес­сия­аралық келісімнің басты тетігі ретіндегі рөлі мен маңы­зын атап көр­сетті. Оның қазақстандықтарды бейбітшілік пен келісімге үндеу­дегі, толеранттылықты қалып­тас­тырудағы орны ерекше. Бү­­гін­гі күннің күрделі мәселе­ле­ріне батыл араласып, консти­ту­циялық заң шеңберінде сан-са­лалы жұмыстар атқарып ке­леді. Елбасы ұсынған консти­ту­циялық реформаларды жан-жақты қолдап, саяси өзгерістерді қуаттайды. Өзге де сөйлеушілер ұсы­ныл­­ған конституциялық рефор­ма­лардың жалпыхалықтық қол­дауға ие болғанына ерекше екпін түсірді. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы