• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

Ауғанстан президентінің қолдауы

142 рет
көрсетілді

Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғани Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қолдау білдірді. Бұл туралы еліміздің сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады. Жуырда Қазақстанның Ауғанстан­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Өмір­тай Бітімов Ауғанстан Ислам Рес­пуб­ликасының президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесті. Кездесу барысында қазақстандық дипломат Ауғанстан президентіне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерейтойлық медалін тапсырды. Сонымен қатар, ол Мохаммед Ашраф Ғаниге Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және Ислам ынтымақтастығы ұйымының Астанада өтетін ғылым және технологиялар жө­нін­дегі саммитіне шақыруды табыс етті. Өміртай Бітімов Ауғанстан прези­дентін Қазақстандағы маңызды саяси-экономикалық үдерістермен және Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған басқа да басымдықтармен таныстырды. Сондай-ақ, Елбасының халыққа арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы туралы да жан-жақты әңгіме қозғады. Өз кезегінде А.Ғани Қазақстан Пре­зи­дентіне құрметті марапаты үшін алғысын білдірді. Ол «Қазақстан Көш­бас­шысының мемлекеттік басқару рефор­масына қатысты алысты көздеген, қазақс­тандық қоғам институттарының одан әрі дамуына ықпал ететін жос­парларын» Ауғанстанның жоға­ры баға­лайтынын, оны әрдайым қолдай­тынын жеткізді. Қазақстан елшісі мен Ауғанстан президенті екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін, атап айтқанда, сауда-саттық сала­сын­дағы мәселелерді, Қазақстанның астығын, Ауғанстанның көкөнісі мен жеміс-жидегін екі жаққа тасымалдау барысын, темір жол тасымалын дамыту жолдарын, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемін ұлғайтудың жай-күйін талқылады.