• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

Екі ойында есе жіберді

217 рет
көрсетілді

Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде Магнитогорскіде жергілікті «Металлург» командасымен күш сынасып, 4:5 есебімен жеңілді. Магнитогорскіде өткен екінші ойында астаналықтар қарқынын күшейтуге тиісті еді. Себебі, екі күн бұрын өткен алғашқы кездесуде Эдуард Занковец шәкірттері жергілікті хоккейшілерден 0:4 есебімен ойсырай жеңілген болатын. Бұл күні «Барыс» барын сал­ғанымен, «Металлург» бірінші ке­зеңде өз мүмкіндігін сәтті пай­да­лана білді. Елор­­далықтар қарсыластар қақ­па­сын торуылдап жүргенде, олар Данис Зариповке шай­баны әдемі жеткізіп берді. Ол Хен­рик Карл­с­сон­мен бетпе-бет кел­генде мүлт кет­кен жоқ. Есепті ашты: 1:0. Екінші кезеңнің басында «Барыс» хоккейшілері есепті теңес­тірді. Роман Старченко ойыншы­лардың басымдығын шебер пай­далана білді. Көп ұзамай «Ме­таллург» хоккейшілері тағы да алға шықты. Үш минуттан соң Найд­жел Доус есепті 2:2-ге жеткізді. Мартен Сен-Пьер болса, «Барыстың» алға шығуына мүмкіндік жасады: 2:3. Үшінші кезеңде Найджел Доус ойын ережесін бұзып, «Ба­рыс» ойыншылары аз күшпен қор­ғануға мәжбүр болды. Осыны тиімді пайдаланған «Металлург» хоккейшілері елорда клубының қақпасына тағы бір шайбаны тоғытты. Тағы да Зарипов көзге түсті. Есеп теңесті: 3:3. Сәлден кейін сол штрих қай­та­ланды. Тағы да Найджел Доус, тағы да Данис Зарипов. Бірін­шісі айып уақытын өтеуге мәж­бүр болса, екіншісі хет-трик­тің авторы атанды. Есеп – 4:3. Бір емес, екі мәрте қарсы­лас­тардың шайба салуына айыпты болған Найджел Доус ойын аяқталар тұста жанын сала ойнады. Матчтың бітуіне екі минут қалғанда, оның сол қапталдан соққан шайбасына қақпашы Василий Кошечкин шарасыздық танытты. Осылайша, негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталды. Овертайм дегеніңіз бақ пен сәттіліктің серік болуына байланысты дүние ғой. Бұл жолы екеуі де алаң иелері жағында болды. Сонымен, қорытынды есеп – 5:4 болып, Магнитогорск командасының еншісіне жазылды. «Металлург» қос ойында да жеңіске жетіп, жартылай финалға бір табан жақындады. Ал «Барыс» жартылай финалға өту үшін қалған екі ойында жеңіске жету керек. Жалпы, жартылай финалдың тағдыры 4 жеңіс арқылы шешіледі. «Барыс» пен «Металлург» командалары 13 және 15 наурыз күндері Астанада кездесетін болады. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»