• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Еңбекші әйелдерді үлгі етті

216 рет
көрсетілді

Еуразиялық Топ (ERG) құра­мындағы «Еуразия энергети­калық корпорациясы» АҚ-тағы «Әйелдер – өндірісте» атты фотокөрме осы кәсіпорында еңбек етіп жүрген әйелдерге арналды. Барлығы да сұлу, әдемі, жайдары, отбасының берекесі атанған ана, сүйікті жар. Бірақ, олардың бәрінен де ортақ еңбексүйгіштік, рухани күш-қуатқа толы ұқсастық табасыз. Кәсіпорындағы ең­бек етушілердің төрттен бір бөлігі – әйелдер. Көрменің авторы электр станса инженері Евгений Набиев. Энергетикалық корпорациясының кеншілері мен энергетиктері қазіргі заман талабына сай жаңашыл компания қалыптастыру үшін еңбек етуде. Алып кәсіпорын еліміздің өңірлеріне көмір, электр қуатын жеткізеді. Көрмеге компанияның үш бөлімшесі: Ақсу электр стансасы, «Шығыс» кеніші және Өндірістік жөндеу бөлімшесінде еңбек етіп жүрген энергетиктер, краншылар, токарь, геологтар, кеншілер, аспаз әйелдердің суреттері қойылған. Бұл суреттерде станса операторы Эльвира Аббакирова, қазандықтың жы­лу мөлшерін қадағалаушы Еле­на Леонтьева, дәнекерлеуші Ка­рина Журавлева, краншы Зәу­реш Байшалова, зертханашы Анас­тасия Демченко, кен ма­ма­ны Зульфия Серғалиева жә­­не басқалар бар. Биікке өр­ле­­ген кранды бағындырушы Ев­­ге­ния Шелякина «Алтын қор-2016» кә­­сіби шеберлік байқауына қатысты. – Бұл күндері әйелдер де ерлермен қатар өз білімдерімен, біліктіліктерімен компанияның өркендеп, өсуі үшін әрқайсысы үлес қосуда, – дейді компания қыз­меткері Елена Гаркава. – Елі­міз­де өткен «Мерейлі отбасы» ұлт­ты­­қ байқауының облыс­тық кезе­ңін­де компаниядан К.Ах­метов, Н.Некрытов, Г.Ганеев, С.Терень­тев­тер әулет­тері қатыс­ты. Барлық әу­леттердің аналары, қыздары, жарлары өнд­ірісте жұмыс істейді. Бұл фотокөрме әркімді де ойландырары сөзсіз. Енді әйелдер еңбегін көрсе­тетін көшпелі фотокөрме Ақсу электр стансасында, «Шығыс» кені­шінде өтеді. Мақсаты – өнді­рісте еңбек етіп жүрген нәзік жан­ды әйелдерді жастарға, жас ма­мандарға үлгі ету. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы, Ақсу қаласы Суреттерді түсірген Елена ГАРКАВА